«Жасыл аймақ» акциясы
Бүгін, 2024 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері мен оқытушылары Өскемендегі «Қазақстан» тауында өткен жасыл акцияға қатысты. Тау бұрыннан облыс орталығы тұрғындарының сүйікті орнына айналған. Мұнда азаматтар әртүрлі іс-шараларға жиналады, таудың басына шығуды ұйымдастырады немесе қаланың әдемі панорамалық көрінісін тамашалауға келеді.
Таудың шолу алаңына апаратын аллеяның бойына 500 түп шырша, қайың, шаған, пирамидалық терек көшеттері отырғызылды.
Ағаш отырғызу шарасына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысып, акция жастардың табиғатқа, өзінің шағын Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, сол арқылы экология мәдениетін тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алтыншы сәуірде бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Әр апта нақтылы бір тақырыпқа арналады..