Жеңіл атлетикадан Азия  чемпионатының қола жүлдегерімен кездесу 

2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері Матвеева Елизаветамен кездесу өтті.

Осы кездесу барысында бірінші вице-президент Ж.Е.Байкенов жеңісімен құттықтап, университет басшылығының алғыс хатын және отандық спортты дамытудағы   шынайы берілгендігі үшін медалін табыс етті. Осы кездесуде университет студенттері спортшымен әңгімелесті, оларды қызықтырған сұрақтарын қойды, Елизаветаны қоламен жеке құттықтап, жаңа жеңістер тілеп, естелік фотосуреттер түсірді.

Қазақстан-Американдық еркін университеті біздің студентімізді тағы да құттықтап, оған жаңа жеңістер тілейді!

Педагогика және психология кафедрасы