ЖОО-мен танысамыз: ҚАЕУ-де колледж студенттеріне арналған сабақтар өтті
2024 жылғы 13 наурызда ҚАЕУ Жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіруші курс студенттері «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)» пәні бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Рита Әділмұратқызы Әділмұратованың «Азаматтық құқықтағы шарт ұғымы мен түрлері» тақырыбындағы сабағына қатысты. Сабақ ойын түрінде өтті. Білім алушылар викторина сұрақтарына жауап берді, ахуалдық міндеттерді шешті, командалық жұмысты орындады. ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттері үшін бұл белсенділік танытуға және өз білімдерін көрсетуге жақсы мүмкіндік болды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы