Зинаида Ивановна Васильеваны еске алу

2024 жылдың 2 шілдесінде белгілі кеңестік және ресейлік ғалым, КСРО Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, Ресей білім Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Зинаида Ивановна Васильеваның 100 жылдығы аталып өтті.

Бұл күні Қазақстан-Американдық еркін университетінде Зинаида Ивановнаны еске алуға арналған Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің ғылыми жетекшісі, ұстазы және досы туралы жылы естеліктерімен бөлісті, сонымен қатар білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін, оның даму  үрдістері мен  болашағын талқылады. Іс-шараға п.ғ.к. Ферхо Светлана Ивановна, п.ғ.к., профессор Нұргалиева Гуль Құмашқызы, п.ғ.к.,профессор Протасова Галина Васильевна (1986-2002 жж. БКИ меңгерушісі), п.ғ.д., Өскемен Экономика және қаржы колледжінің директоры, Набиев Ерсайын Ахметуалиұлы, Наталья Александровна Нестеренко, ҚАЕУ ректорының кеңесшісі қатысты.

Жұртшылықпен байланыс орталығы