«Зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында онлайн-дәріс
2024 жылғы 3 сәуірде ҚАЕУ «Құқық» ББ 3 курс студенттері үшін «Зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді. Дәрісті «Болотов және Серіктестер» ЖШС басқарушы серіктесі Ю.А.Болотов оқыды.
Юрий Альбертович зияткерлік меншіктің не екеніне анықтама беріп, АЖ жіктелуі және оларды қорғау әдістері туралы, сондай-ақ тіркелген АЖ объектілері жайлы статистикалық мәліметтер туралы айтты. Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу тәртібін егжей-тегжейлі көрсетіп, өз тәжірибесінде тауар белгілерін тіркеу кезінде туындайтын проблемалар мен ерекшеліктердің мысалдарын келтірді.
Ынтымақтастық үшін «Болотов және Серіктестер» ЖШС-не алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы