ҚАЕУ базасында бейіндік сыныптарды ашу

2024 жылғы 14 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде Өскемен қаласының оқушылары үшін бейіндік сыныптар ашылды.

Жобаның ашылуына ЖОО-ның басшылық құрамы мен оқытушылар қатысты, олар білім алушыларға өз мақсаттарына қол жеткізуді және болашақ мамандықтың көкжиегін ашуды тіледі. 

Бейіндік сыныптардың ашылуында ҚАЕУ президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы құттықтау сөз сөйлеп, бұл жобаның мектеп оқушыларын ерте кәсіби бағдарлау және оларды жоғары оқу орнына түсуге дайындау үшін маңыздылығын атап өтті. Ол мұндай бастамалар сапалы білім алуға жағдай жасай отырып, мектептер мен университет арасындағы байланысты нығайтуға көмектесетінін атап өтті.

ҚАЕУ ректорының кеңесшісі Нестеренко Наталья Александровна  тілек сөзін айтып, осы жобаның ЖОО өміріндегі және мектептердің кәсіптік бағдарлау саясатын іске асыру шеңберіндегі рөлін, халықаралық әріптестік ЖОО ретінде осы үдерістегі ҚАЕУ-нің ерекше рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, былтырғы жылдың бейіндік сыныбының түлектері құттықтау сөз сөйледі, олар қазір ҚАЕУ-нің 1 курсында оқиды.  

Қазіргі білім беру мақсаттардың ашықтығын, міндеттердің нақтылығын және қоғамдық санада өмір сапасы білім беру жүйесінің жағдайына тікелей байланысты екенін түсінуді талап етеді. Бұл жүйенің негізгі сипаттамалары оның қол жетімділігі, сапасы, жан-жақтылығы және әртүрлі әлеуметтік топтарды біріктіру қабілеті болып табылады. Барлық мүдделі тараптарды білім беруді дамыту  үдерісіне тарту, олардың серіктес ретіндегі ынтымақтастығы – тиімді және инклюзивті білім беру ортасын құру жолы болып табылады.

Қазақстанда білім беру саласындағы ынтымақтастық мынадай қағидаттарға негізделеді:  

– мекемелер арасындағы ашықтық және өзара іс-қимыл;  

– дамуға, идеялармен алмасуға және коммуникацияға баса назар аудару;  

– білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту;  

– әр түрлі формалар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысын құру.  

Бұл тәсілдің жарқын мысалдарының бірі – «Мектеп – колледж-ЖОО» жүйесінде көпжылдық серіктестік жұмыс тәжірибесі. ҚАЕУ базасында үшінші жыл бойы «ҚАЕУ бейіндік сыныптары» жобасы табысты іске асырылуда. 

Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының таңдаған кәсіптік саласында әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасауға, оларды жоғары оқу орындарында одан әрі оқуға дайындауға арналған.  2024-2025 оқу жылында ҚАЕУ Ережеп  Әлхайырұлының қолдауының арқасында бейіндік сыныптарды өтеусіз негізде қайта ашады. Оқыту екі модуль бойынша ұйымдастырылады:

1 МОДУЛЬ:

11 сынып оқушыларына арналған.  

Модуль аясында келесі кафедралардың білім беру бағдарламалары ұсынылады:  

– Педагогика және психология кафедрасы;  

– Бизнес кафедрасы;  

– Шет тілдері кафедрасы;  

– Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы.  

Сабақтар аптасына бір рет, күннің екінші жартысында университет оқытушыларының қатысуымен өтеді. 

2 МОДУЛЬ:  

Бұл модуль 10-11 сынып оқушыларына арналған және бизнес-сынып форматында екі жылдық оқытуды көздейді, мұнда серіктес Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп болды. 

Бейіндік сыныптар оқушылардың кәсіби бағытын ерте анықтауға ықпал етеді, бұл олардың жоғары оқу орындарына түсуге деген ынтасы мен дайындық сапасын арттырады. ҚАЕУ үшін бұл, сонымен қатар, болашақ оқуы үшін бағытты саналы түрде таңдаған талапкерлердің тұрақты легін қамтамасыз ететін білім беру экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. 

Жұртшылықпен байланыс орталығы