ҚАЕУ-ге 30 жыл: Словакияның сыртқы саясаты және оның Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы қонақ дәрісі

2024 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде жоғары оқу орнының 30 жылдығын мерекелеуге  орайластырған «Словакияның сыртқы саясаты және халықаралық саясаттағы шағын мемлекеттердің рөлі» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.  Іс-шараның спикері-Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роберт Кирнаг.

Елші Роберт Кирнаг студенттер мен оқытушылармен Қазақстандағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. Ол Словакияның сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарын талқылап, жаһандық сын-қатерлер жағдайында шағын мемлекеттердің ынтымақтастығының маңыздылығына назар аударды.

Дәріс халықаралық саясат мәселелерін, сондай-ақ Словакия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың болашақ перспективаларын белсенді талқылауға арналған алаңға айнала отырып, студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара соңында қатысушылар спикерге сұрақтар қойды, бұл шағын мемлекеттердің әлемдік саясаттағы рөлі туралы диалогты одан әрі тереңдетуге ықпал етті.

Материалды Комарова София дайындады