ҚАЕУ студенттері волонтерлік туралы семинарға қатысты

2023 жылғы 15 қыркүйекте “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасының қатысушылары үшін Шығыс Қазақстан облысының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Орталығында” ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Іс-шараға “Құқықтану”, “Құқық және құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерліктің мақсаты бей-жай қарамайтын азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, студенттер мен жастардың еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысуы болып табылады.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы