ҚАЕУ Ғылыми кеңесінің отырысы

2024 жылғы 22 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Отырысты ҚАЕУ-нің бірінші вице-президенті Жасұлан Ерболұлы Байкенов құттықтау сөзімен ашты. Ғылыми кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастығының келешегін талқылау болды. Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Дэниэл Бэлласт университеттің халықаралық аренадағы қазіргі бастамалары мен жаңа мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Келесі талқылау пункті университеттегі ғылыми қызметті ынталандыру шаралары болды. Ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Юлия Александровна Гаврилова ғылыми зерттеулердің қазіргі жағдайы мен одан әрі даму бағыттары туралы баяндама жасады.

Отырыстың маңызды аспектісі кәсіптік бағдар беру жұмысы мен қабылдау науқанының қорытындылары болды. МжҚБ бастығы Азамат Бердібекұлы Бердібеков студенттерді тартудың табысты тәжірибесіне назар аудара отырып, 2024-2025 оқу жылының нәтижелері және  келешегімен бөлісті.

Әрі қарай студенттерге қызмет көрсету орталығы модулінің жұмысы, сондай-ақ Telegram: KAFU Chat Bot және KAFU Virtual Assistant модульдерінің жұмысы туралы есеп ұсынылды. Ақпараттық қамтамасыз ету және цифрлық білім беру технологиялары орталығының директоры Юлия Владимировна Трофимова бұл мәселеде өзара іс-қимылды жақсартудағы елеулі жетістіктерді атап өтті.

«ҚАЕУ бейіндік сыныбы» жобасының қорытындысын ҚАЕУ ректорының кеңесшісі Нестеренко Наталья Александровна ұсынды. Ол жобаның жетістіктері мен одан әрі даму жоспарларына назар аударды.

ҚАЕУ президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы Ғылыми кеңес отырысын қорытындылады. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында ЖОО-ның жаңа бастамалары мен жобаларын іске асыруға болатынына сенім білдірді.