«Конституция менің өмірімде: өз құқықтарымды білемін» студенттік видеоблог-челленджі
«Конституцияны түсіндіру» бағдарламасы аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Конституция менің өмірімде: өз құқықтарымды білемін» атты видеоблог-челленджге қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының әрбір азаматтың өміріндегі рөліне арналған бейнеролик дайындады.
Студенттер қолжетімді әрі заманауи форматта конституциялық құқықтар мен міндеттердің маңызын түсіндіріп, еліміздің Негізгі Заңын білудің және құқықтық білімді күнделікті өмірде қолдана білудің неліктен маңызды екенін баяндады.
Челленджге қатысу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметін қалыптастыруға және жеке азаматтық жауапкершілігін сезінуіне ықпал етті.
Конституцияны білу — өз құқықтарыңды білу, заңды құрметтеу және өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қарау!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы