«Конституция жастар көзімен» дөңгелек үстелі

2025 жылғы 22 қыркүйекте Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Спикер ретінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Савелий Александрович  Мужчиль сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері туралы айтты.

Дөңгелек үстел жұмысына Шығыс Қазақстан облысы бойынша Заң консультанттары палатасының өкілдері, студенттер мен оқытушылар қатысты. Спикерлер практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында С.А.Мужчиль студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған викторина өткізді.