«Law is the foundation Order» бейне подкаст байқауы

2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Заң және тәртіп» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет 10-11 сынып оқушылары арасында «Law is the foundation Ofdder» бейне подкаст байқауы өтті.

Байқау оқушылардың құқық пен әлеуметтік ғылымдарға деген қызығушылығын арттыруға, көпшілік алдында сөйлеу, сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ағылшын тілін академиялық және қоғамдық қарым-қатынас тілі ретінде танымал етуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Байқау үш санат бойынша өтті: «Law and Everyday Life», «Weird, Absurd and Unusual Laws» және  «Law and Youth / Law in the Digital World». Қатысушылар таңдалған тақырып бойынша бейне подкасттарды ұсынды – жеке, жұпта немесе топ құрамында.

Іс-шараға өңірдегі 17 мектептен 10-11 сыныптардың 46 оқушысы, оның ішінде 12 қалалық және 5 аудандық жалпы білім беру мекемелері қатысты. Олардың ішінде 3 гимназия мен лицей бар.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар сертификаттармен марапатталды және жүлделі орындарға ие болды (I-III). Көрермендер дауыс беруінің жеңімпаз мектептері бөлек анықталды. Осы  аталым бойынша жеңімпаздарды конкурсқа қатысқан ҚАЕУ-нің 1 курс студенттері таңдады.

Жеңімпаздар:

«Law and Everyday Life» санаты:

1 орын – «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ;

2 орын – «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ;

3 орын – «№ 13 орта мектеп» КММ.

«Weird, Absurd and Unusual Laws» санаты:

1 орын – «№ 7 орта мектеп» КММ және «№10 мектеп-гимназиясы» КММ;

2 орын – «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ;

3 орын- «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ.

«Law and Youth / Law in the digital World» санаты:

1 орын – «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназия» КММ;

2 орын – «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ;

3 орын – «Кожохов орта мектебі» КММ.

Көрермендер дауыс беруінің жеңімпаздары – «№37 орта көпсалалы мектеп» КММ, «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ және «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға мықты ойын, командалық жұмыс және кең ой-өрісі үшін алғыс айтамыз!