М.А.Булгаковтың «Мастер и Маргарита» романы бойынша театрландырылған қойылым
2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Фантасмагория» студенттік бірлестігі М.А. Булгаковтың «Мастер и Маргарита» романы негізінде театрландырылған қойылым ұсынды.
Спектакльге «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс және «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. Рөлдерді орындағандар:
Амалия Бубнова – Воланд;
Дарья Скрягайло – Иешуа Га-Ноцри;
Виктория Суздаль – Иван Николаевич Бездомный;
Владислав Еремеев – Михаил Александрович Берлиоз;
Светлана Полупанова – Понтий Пилат;
Ксения Препыгина – Азазелло;
Лия Степанова – Коровьев;
Сабина Мұратова – Бегемот.
Камео – Мұратұлы Есболат және Марат Ерасыл.
Сондай – ақ, қойылымға психология және педагогика кафедрасының оқытушылары қатысты: Дарья Алексеевна Рябищенко Мастердің рөлін ойнады, ал Юлия Вячеславовна Гнатюк – доктор Стравинскийді.
Көрермендер актерлердің жарқын ойынын, классикалық шығарманың өзіндік интерпретациясын және студенттер мен оқытушылардың бірлескен күш-жігерімен құрылған спектакльдің ахуалын атап өтті.
















