М.А.Булгаковтың «Мастер и Маргарита» романы бойынша театрландырылған қойылым

2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Фантасмагория» студенттік бірлестігі М.А. Булгаковтың «Мастер и Маргарита» романы негізінде театрландырылған қойылым ұсынды.

Спектакльге «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс және «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. Рөлдерді орындағандар:

Амалия Бубнова – Воланд;

Дарья Скрягайло – Иешуа Га-Ноцри;

Виктория Суздаль – Иван Николаевич Бездомный;

Владислав Еремеев – Михаил Александрович Берлиоз;

Светлана Полупанова – Понтий Пилат;

Ксения Препыгина – Азазелло;

Лия Степанова – Коровьев;

Сабина Мұратова – Бегемот.

Камео – Мұратұлы Есболат және Марат Ерасыл.

Сондай – ақ, қойылымға психология және педагогика кафедрасының оқытушылары қатысты: Дарья Алексеевна Рябищенко Мастердің рөлін ойнады, ал Юлия Вячеславовна Гнатюк – доктор Стравинскийді.

Көрермендер актерлердің жарқын ойынын, классикалық шығарманың өзіндік интерпретациясын және студенттер мен оқытушылардың бірлескен күш-жігерімен құрылған спектакльдің  ахуалын атап өтті.