Магистранттарға Coursera платформасында оқу мүмкіндіктері туралы айтылды
2025 жылғы 12 ақпанда 7М01701(2) «Шетел тілдері: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы аясында магистранттардың шетел тілдері кафедрасының оқытушысымен кездесуі өтті. Кездесу Coursera платформасын академиялық және кәсіби дамуда пайдалану мүмкіндіктеріне арналды.
Оқытушы платформада курстарды қалай өтуге болатынын, қандай бағыттардың қолжетімді екенін және олардың ішінде болашақ педагогтар мен лингвистер үшін ең пайдалысын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Әсіресе шетел тілдерін оқыту әдістемесі, академиялық жазылым, мәдениетаралық коммуникация және цифрлық білім беру технологиялары бойынша курстарға ерекше назар аударылды.
Магистранттарға Лондон университеті (University of London), Аризона штаты университеті (Arizona State University), Калифорния университеті (University of California) және басқа да әлемнің жетекші университеттерінің нақты курстары ұсынылды. Сондай-ақ тіркелу, курстарды таңдау және сертификат алу бойынша практикалық кеңестер берілді. Бұл сертификаттар портфолиоға енгізіліп, жұмысқа орналасу немесе тағылымдамаларға өтініш беру кезінде пайдаланылуы мүмкін.








