Неміс тілінен олимпиада

2025 жылғы 1 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында Қазақстандағы Гете-Институттың қолдауымен 14 пен 17 жас аралығындағы оқушылар үшін неміс тілінен жыл сайынғы облыстық олимпиада өтті.

Олимпиаданың жеңімпазы Өскемен қаласының НЗМ 10 сынып оқушысы Асанәлі Асхатұлы болды.Сәуір айының соңында Асанәлі республикалық олимпиадаға қатысу үшін Алматы қаласына барады.Осы кезеңнің жеңімпазы сыйлық ретінде Австрияда екі апталық тіл курсын алады.

Оған сәттілік тілейміз!

Шет тілдері кафедрасы