Оқушылармен құқықтық мәдениет және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгімелесу

2026 жылғы 11 наурызда ҚАЕУ заң клиникасының басшысы Савелий Александрович  Мужчиль Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесті. Іс-шара оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Әңгімелесу барысында оқушыларға жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің негізгі аспектілері түсіндірілді, құқықтық нигилизм ұғымының мазмұны ашылды, сондай-ақ құқық бұзушылық ұғымы мен оның негізгі түрлері қарастырылды. Заңнаманы сақтаудың маңыздылығына, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға және құқыққа қарсы мінез-құлықтың құқықтық салдарын түсінуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, оқушылар алдында ҚАЕУ заң клиникасында өндірістік  іс-тәжірибеден өтіп жатқан «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Никита Бастаногов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қытайда болған жеке тәжірибесімен бөлісті, осы елдегі құқықтық реттеу мен құқықтық тәртіптің ерекшеліктері туралы айтты, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен оларды жасағаны үшін жауапкершіліктің мысалдарын келтірді.

Мұндай кездесулер жастардың бойында құқықтық сананы қалыптастыруға, заңға деген құрметті дамытуға және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейінің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына іс-шараны өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы