«Полиглот» олимпиадасы 10-11 сынып оқушылары арасында
2025 жылғы 28 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде дарынды оқушыларды анықтауға және қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге қызығушылықты дамытуға бағытталған жыл сайынғы «Полиглот» олимпиадасы өтті. Іс-шараға өңір мектептерінен 10-11 сыныптардың 130 оқушысы қатысты.
Олимпиада екі турда өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар үш тіл бойынша тест тапсырмаларын орындады, онда лексика мен грамматика білімдерін көрсетті. Тестілеу қорытындысы бойынша 40 мықты қатысушы екінші турға өтті. Соңғы кезең ауызша әңгімелесуді қамтыды, онда оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін пікір білдіру, дәлелдеу және диалог жүргізу қабілеттерін көрсетті.
«Жалпы білім беретін мектептер» санатында олимпиада жеңімпаздары атанғандар:
| 1 орын | Жарқанқызы Еркежан | №24 орта мектебі |
| 2 орын | Стефаненко Полина | №24 орта мектебі |
| Матайбай Аида | №30 жалпы білім беретін мектеп | |
| 3 орын | Жанарбекқызы Аружан | №6 орта мектебі |
| Қайырханов Ахмад | №48 қосымша білім беру мектеп- орталығы | |
| Максутова Айгерим | Мұхтар Әуезов атындағы №17 орта мектеп |
«Лицейлер мен гимназиялар» санатында олимпиада жеңімпаздары атанғандар:
| 1 орын | Оралбек Зейнур | Назарбаев зияткерлік мектебі |
| 2 орын | Айназ Дюсенбекқызы | Лев Гумилев атындағы №38 гимназия |
| Павлов Андрей | №11 мектеп-лицейі | |
| 3 орын | Жания Жексембаева | Лев Гумилев атындағы №38 гимназия |
| Зекенова Малика | Назарбаев зияткерлік мектебі | |
| Макиленова Дария | №11 мектеп-лицейі |
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және тілдерді үйренуде одан әрі табыстар тілейміз!

























