Профессор Дуглас Хартман (MSU /ҚАЕУ) «AI ON CAMPUS: LEVELING UP YOUR GAME» атты төрт күндік семинар өткізді

2025 жылғы 3-6 қараша аралығында «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» халықаралық ғылыми конгресі аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «AI ON CAMPUS: LEVELING UP YOUR GAME» атты төрт күндік оқыту семинары өтті, оны Michigan State University (MSU, АҚШ) профессоры  – цифрлық сауаттылық және білім беру саласындағы жетекші маман, сондай-ақ ҚАЕУ Шет тілдері кафедрасының профессоры Дуглас Хартман өткізді.

Семинарға 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі» және 6В02301 «Аударма  ісі» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Төрт күн ішінде профессор Хартман студенттерді академиялық және кәсіби ортаға жасанды интеллектті біріктірудің заманауи  үрдістерімен таныстырды, цифрлық құралдарды жауапкершілікпен және сыни тұрғыдан пайдалану мәселелерін, сондай-ақ AI-платформаларымен жұмыс істеу кезінде жеке тиімділікті арттыру жолдарын талқылады.

Профессор Хартман ҚАЕУ студенттерінің белсенділігі мен қызығушылығының жоғары деңгейін атап өтіп, ИИ-нің білім беру  үдерісіне интеграциялануы болашақ педагогтар мен аудармашылар үшін шығармашылық пен өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.