«Психологиялық кеңес берудегі гештальт тәсілі»  тәжірибелік сабағы

6 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Психология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері үшін «Психологиялық кеңес беру негіздері» пәні аясында «Психологиялық кеңес берудегі гештальт тәсілі» тақырыбында  тәжірибелік сабақ өтті.

Кездесудің шақырылған сарапшысы психолог-кеңесші және гештальт-терапевт Наталья Максименко болды, ол болашақ мамандармен өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Топтық жұмыс форматында студенттер гештальт терапиясы мен денеге бағытталған әдістерді біріктіру ерекшеліктерін зерттеді. Ретрофлексия сияқты байланыстың үзілу механизмінің әрекеті нәтижесінде пайда болатын дене кернеуімен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды.

Сабақ барысында қатысушылар өз денелерімен байланысын қалпына келтіруге, дене тәжірибесі мен вербалды емес  үдерістерді дәл сипаттау үшін сөздік қорын байытуға, аяқталған гештальттарды ассимиляциялауға бағытталған жаттығулар кешенін орындады.

Студенттер жоғары белсенділік танытып, барлық  тәжірибелік тапсырмаларға қатысып, жұмыс барысында жеке түсініктерімен ашық бөлісті.