«Q» University қонақ дәрісі

2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру  аясында және ҚАЕУ заң клиникасының жұмыс жоспарына сәйкес оның басшысы Савелий Александрович Мужчиль «Құқық» «Q» University (Алматы қ.) Академиялық мектебінің студенттері үшін «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция прогресс факторы ретінде» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдаудың алғышарттары, оның құрылымы мен негізгі ережелері қаралды. Мемлекет пен қоғамның дамуы, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін конституциялық өзгерістердің маңыздылығына, сондай-ақ конституциялық ережелердің қазіргі халықаралық қатынастар жағдайында халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Дәріс жаңа Конституцияның мазмұны мен маңыздылығын түсіндіруге, студенттердің құқықтық  ой-өрісін кеңейтуге, конституциялық құқық саласындағы білімді тереңдетуге, сондай-ақ Конституцияның құқықтық мемлекеттің дамуындағы рөлін түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Конституциясын білуге арналған интерактивті викторина өтті. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер ҚАЕУ басшылығы қол қойған грамоталармен марапатталды.

«Q» University басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және студенттеріне жылы қабылдағаны, қызығушылығы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз!

                                     Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы