ҚАЕУ-де қазақ тілінің функционалдық грамматикасы бойынша семинар өтті

11 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Жас ғалымдардың XV форумы аясында «Қазақ тілінің функционалдық грамматикасы: құрылымы және қолданылуы» атты семинар өтті. Іс-шара «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистрлері үшін ұйымдастырылды. Сондай-ақ, семинарға «Журналистика» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты. 

Спикер ретінде педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Тұрғымбаева Нұрсұлу Қайырдынқызы сөз сөйледі. Семинардың бірінші бөлімінде ол парадигмаға негізделген және  тәжірибелік қолдануға бағытталған функционалды грамматиканың негізгі аспектілерін қамтитын дәріс оқыды. Функционалды-семантикалық  санаттарға және әртүрлі тілдердегі грамматикалық құрылымдардың маңыздылығына ерекше назар аударылды. 

Семинардың екінші бөлімінде студенттер аукцион форматында интерактивті  тәжірибелік тапсырмаға қатысты. Қатысушылар сұрақтарға жауап берді, өздері үшін жаңа ақпаратты ашты және бұрыннан бар білімдерін бекітті. 

Семинар студенттердің қазақ грамматикасы және оны  тәжірибелік қолдану саласындағы білімдерін тереңдету үшін маңызды алаңға айналды.

Педагогика және психология кафедрасы