ҚАЕУ студенттері «Заң және тәртіп» жобасы аясында қаржылық қауіпсіздік квестінен өтті

ҚАЕУ студенттері «Заң және тәртіп» жобасы аясында қаржылық қауіпсіздік квестінен өтті

2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері қаржылық қауіпсіздік бойынша квест-ойынға қатысты.

Іс-шара ШҚО Экономикалық реттеу департаментінің бастамасымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында өтті.

Интерактивті формат студенттерге қаржылық сауаттылық туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, іс жүзінде алаяқтық схемаларды тануды, жеке бюджетті дұрыс басқаруды және жауапты қаржылық шешімдер қабылдауды үйренуге мүмкіндік берді.

Квест жастар үшін күнделікті өмірдегі қаржылық қауіпсіздіктің маңыздылығына жаңа көзқараспен қараудың тамаша мүмкіндігі болды. Ұйымдастырушыларға пайдалы және қызықты тәжірибе үшін алғыс айтамыз!