Ресей – Тәжік (Славян) университетіне бару
2026 жылғы 14 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің заң клиникасының басшысы Савелий Александрович Мужчиль Душанбе қаласындағы (Тәжікстан Республикасы) Ресей-Тәжік (Славян) университетіне барды.
Сапар аясында қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Нозим Садулоевич Абдуллаевпен және азаматтық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Зайнура Исрофиловна Исмоиловамен кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылар білім беру және ғылыми салалардағы ЖОО-ры арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, академиялық алмасу, бірлескен ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар, қонақ дәрістер өткізу және заңгерлік білім беру саласындағы бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу университеттер арасындағы кәсіби байланыстарды дамытудағы және оқытушылар мен білім алушылар арасында одан әрі тәжірибе алмасу үшін жағдай жасаудағы маңызды қадам болды.
Ресей-Тәжік (Славян) университетінің басшылығы мен өкілдеріне жылы қабылдауы, сындарлы диалогы және одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

