Республика жастары-ел болашағының кепілі
«Республика жастары – ел болашағының кепілі» жастар форумы 2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде өтті.
Іс-шара Республика күні қарсаңында өтті және Шығыс Қазақстан облысының «Ассамблея Жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділерін, өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінің Студенттік Ассамблеяларының төрағалары мен қатысушыларын жинады.
Форумның мақсаты – жастар бастамаларын қолдау, азаматтық белсенділікті дамыту және студенттерді қоғамдық өмірге тарту. Іс-шара бағдарламасында Мемлекеттік әнұран орындалды, модератордың құттықтау сөзі, «Біз – Студенттік Ассамблеямыз» бейнеролигі, спикерлердің сөз сөйлеуі, сұрақ-жауап сессиясы және марапаттау рәсімі өтті.
Спикерлер қатарында ШҚО «Ассамблея Жастары» ҚБ төрағасы Равиль Юнусов, Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты Бақытжан Ербол, сондай-ақ өңір ЖОО студенттік Ассамблеяларының көшбасшылары – Рада Юданова (ҚАЕУ), Диляра Төрегелдиева (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ) және Жайна Ордабаева (Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі) сөз сөйледі. Олар жастар жобаларын іске асыру тәжірибесімен бөлісті, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруда медиамәдениет пен волонтерліктің маңыздылығын атап өтті.
Форум идеялармен алмасу, студенттік бірлестіктердің өзара іс-қимыл келешегін талқылау және жастар мен өңірдің азаматтық қоғам институттары арасындағы диалогты нығайту алаңына айналды.



















