Риддер қаласының жұртшылығымен кездесу

2026 жылғы 26 ақпанда Риддерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру бойынша жұртшылықпен кездесу өтті, оған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Рыпаков Денис Сергеевич, Риддер әкімі Рахметқалиев Думан Есдәулетұлы және ҚАЕУ заң клиникасының басшысы  Мужчиль Савелий Александрович қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасындағы өзгерістер талқыланды. Сондай-ақ, Риддер қаласының тұрғындарының алдағы 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасында өтетін республикалық референдумға қатысуына қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

           Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы