Семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионатында командалық қола!
2026 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында Семей қаласында семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының (IP) 2-курс студенті Владислав Снегирев Шығыс Қазақстан облысының құрамасы құрамында командалық жарыстарда қола медаль жеңіп алды.
Владислав пен оның командасын лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және алдағы жарыстарда табысты өнер көрсетулеріңізді тілейміз! Біздің студентімізді мақтан тұтамыз!





