ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Ашық есік күні

2025 жылғы 26 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқық» білім беру бағдарламалары тобының 1, 2, 3 курс студенттері Ашық есік күні аясында ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барды. Студенттер жалпы соттың жұмысымен, сондай-ақ кеңсе, сот мұрағаты, медиация кабинетінің қызметімен танысты. Студенттерге сотта өндірістік  іс-тәжірибеден өту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Қызықты және танымдық экскурсия үшін ШҚО МАЭС басшылығына алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы