ШҚО Полиция департаментінің анықтаушысымен баспасөз туры

2025 жылғы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде «Анықтаушымен бір күн» баспасөз туры өтті. Іс-шараға «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Ұлпан Жакуева және ТжКБ базасында  «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Даниил Ежов қатысты.

Аталған іс-шара барысында студенттердің тәлімгері ШҚО ПД Анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция майоры Дмитрий Сергеевич Пупков болды. Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері анықтау қызметінің ұйымдастырылуымен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жол-көлік оқиғаларын тергеу ерекшеліктерімен танысты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз турының форматы студенттерге қызметкерлердің қызметтік күндерін бақылап қана қоймай, жекелеген тергеу әрекеттеріне қатысуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

                                                   Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы