ШҚО ТЖД қызметкерлерімен кездесу
2026 жылдың 1 сәуірінде ҚАЕУ заң клиникасының басшысы С.А. Мужчиль Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Савелий Александрович 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы айтты. 1995 жылғы ҚР Конституциясымен салыстырғанда 2026 жылғы ҚР Конституциясындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

