ШҚО бойынша БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Департаментінде ашық есік күні
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ағымдағы жылдың 28 мамырында «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шараға бейінді оқу орындарының педагогтары мен 50-ден астам студенттері қатысты: Қазақстан-Американдық еркін университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ. Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінің.
Бұл іс — шараның мақсаты – студенттерге құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының тәжірибелік қызметімен, іске асырылып жатқан жобалармен және дамудың өзекті бағыттарымен танысуға бірегей мүмкіндік беру, сондай-ақ ой-өрісін кеңейту және болашақ мамандықты анықтауға көмектесу.
Департамент бастығының м.а. О.Н. Коряченцева Комитеттің құрылу тарихымен бөлісіп, қалыптасудың негізгі кезеңдері мен уақытын атап өтті.
«Е-қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Е-өтіш» жүйелерінің мүмкіндіктері, сондай-ақ «Қылмыстық құқық бұзушылық картасын» қоса алғанда, Комитеттің геоақпараттық құралдары көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және Qamqor.gov.kz, порталында орналастырылған статистикалық ақпаратпен өздігімен танысу мүмкіндігі түсіндірілді, бұл қатысушылардың кең ісерін тудырды.
Студенттер арасында Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін білуге сұрақ-жауап форматындағы тәжірибелік интерактивті кейстер үлкен қызығушылық тудырды.