ШҚО кәмелетке толмағандар  істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні

2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқықтану» және «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері үшін ШҚО кәмелетке толмағандар  істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлерімен кездесу және осы соттың кабинеттеріне экскурсия өткізілді.

Кездесу барысында студенттерге сот жүйесіндегі жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігі және республикалық деңгейдегі өңірлік соттардың жетістіктері туралы айтылды.

Білім алушылар қолданыстағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнама, сондай-ақ сот жүйесіне енгізілетін заманауи технологиялар туралы соңғы жаңалықтармен танысты.

Іс-шара соңында болашақ заңгерлер үшін сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды.

ШҚО кәмелетке толмағандар  істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотына ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы