Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Жазғы чемпионатында күміс медаль

2026 жылғы 3-9 қыркүйек аралығында Щучинск қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Жазғы чемпионаты өтті. «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері Павел Гренц Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының құрамында эстафетада 2 орын алды!

Павелді лайықты нәтижемен құттықтаймыз және жаңа спорттық жеңістер, жоғары жетістіктер мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз! Студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз!

Педагогика және психология кафедрасы