Магистратураға қабылдаудың шекті баллдары мен ережелері – 2025

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

  • 2025 жылғы 28 қазаннан 2026 жылғы 10 қаңтарға дейін

Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) келесі мерзімде өткізіледі:

  • ағымдағы жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Жоғары білім туралы диплом және қосымшасы (түпнұсқа)
  • КТ сертификаты (электронды немесе қағаз түрінде)
  • 3×4 өлшеміндегі фотосурет – 4 дана
  • 075/У нысанындағы медициналық анықтама
  • Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда)
  • Еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)
  • Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі (бар болған жағдайда)
  • Тезтікпе (скоросшиватель)
  • Конверт

Білім беру бағдарламасы тобының нөміріБілім беру бағдарламасы тобының атауыБейінді пәндер
1 бейінді пән2 бейінді пән
M017Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлауПедагогикаҚазақ тілін оқыту әдістемесі
M018Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлауПедагогикаОрыс тілін оқыту әдістемесі
M019Шет тілдері педагогтерін даярлауПедагогикаКәсіби бағытталған шет тілі
M056Аударма ісіАударма теориясыКәсіби-бағытталған шет тілі 
M064Халықаралық қатынастарҚазақстан Республикасының сыртқы саясатыДипломатиялық және консулдық қызмет
M066ПсихологияЖалпы психологияДаму психологиясы
M072МенеджментМенеджментБизнесті ұйымдастыру
M074Қаржы, банктік және сақтандыру ісіҚаржы негіздеріКорпоративтік қаржы
M078ҚұқықМемлекет және құқық теориясыСитуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)
M094Ақпараттық технологияларАлгоритмдер және деректер құрылымыДеректер базасы

Кешенді тестілеу формасымен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.