«Шешімдер зертханасы: студент-эдвайзер» кейс-зертханасы

«Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» Халықаралық ғылыми конгресінің іс-шаралары аясында «Шешімдер зертханасы: студент-эдвайзер» кейс-зертханасы өтті.

Спикер ретінде Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Үздіксіз білім беру институтының доценті Тёров Андрей Александрович сөз сөйледі. Зертхана жұмысы барысында білім беру  үдерісін сүйемелдеудің, студенттер мен эдвайзерлердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, сондай-ақ цифрлық ортада жеке білім беру траекторияларын қалыптастыру тәсілдері талқыланды.

Педагогикалық тәлімгерлік мәселелеріне және тез өзгеретін білім беру технологиялары жағдайында студенттерді қолдау мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар ұсынылған әдістемелердің  тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, университет ортасында эдвайзингтің тиімді құралдарын енгізу тәжірибесімен алмасты.

Іс-шара әртүрлі елдердің білім беру ұйымдарының өкілдері арасындағы кәсіби диалогты дамытуға бағытталған Конгресстің кең бағдарламасының бөлігі болды.