«Шет мемлекеттер конституцияларының ерекшеліктері» атты студенттік презентация
2026 жылғы 24 қыркүйекте «Шет елдердің конституциялық құқығы» пәнінің бағдарламасы аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері «Шет мемлекеттер конституцияларының ерекшеліктері» тақырыбында презентациялар ұсынды.
Студенттер әртүрлі мемлекеттер конституцияларының құрылымына, мазмұнына және өзіндік ерекшеліктеріне арналған материалдарын таныстырды. Баяндамалар барысында шет мемлекеттердегі басқару нысандары, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ конституцияларды қабылдау және оларға өзгерістер енгізу тәртібі қарастырылды.
Шет мемлекеттердің конституциялық ережелерін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен салыстыруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар Конституцияның мемлекеттік құрылыс негіздерін, адамның құқықтық мәртебесін, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынас қағидаттарын айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі маңызын талқылады.
«Конституцияны түсіндіру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шара студенттерге пән бойынша білімдерін тереңдетіп, бекітуге, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу және салыстырмалы-құқықтық талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы






