Шығыс Қазақстан облыстық сотының өкілдерімен кездесу
2025 жылғы 17 желтоқсанда «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі» және «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттерінің Шығыс Қазақстан облыстық сотының өкілдерімен – қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы С.Т.Серікпаевамен және осы бөлімнің бас маманы А.С.Омарбековамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттерге сот жүйесінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды. Жас мамандардың кәсіби қалыптасу мәселелеріне және мансаптық өсу келшегіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында студенттер қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Шығыс Қазақстан облыстық сотына белсенді кәсіби бағдар беру жұмысы және болашақ заңгерлерді кәсіби даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

