ШҚО бойынша МКД Ашық есік күні

2025 жылғы 18 желтоқсанда құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының 4 курс студенттері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ашық есік күніне қатысты.

Бұл кездесу жастарды мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен таныстыру және студенттердің мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Спикерлердің сөз сөйлеуі барысында студенттер мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттарымен, мемлекеттік қызметке кіру кезінде кандидаттарға қойылатын талаптармен, өндірістік  іс-тәжірибеден өту мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар, ШҚО бойынша МКД мұражайына экскурсия өтті. Онда студенттер Қазақстандағы мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасу тарихын білді.

Нәтижелі өзара әрекеттестік үшін ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне алғыс айтамыз!

                                        Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы