ШҚО полиция департаментінің қызметкерлеріне ҚР жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру

2026 жылғы 18 ақпанда ҚАЕУ заң клиникасының басшысы С.А.Мужчиль Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамына Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндірді.     Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі туралы айтылды, оның барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ішкі істер органдарын реформалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бейнеконференцбайланыс режимінде Савелий Александровичтің сөзін ШҚО аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері де тыңдады.

                                Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы