ШҚО Әділет департаментіндегі эфир

2026 жылғы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде «Заң клиникаларының жұмысы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Спикер ретінде ҚАЕУ заң клиникасының басшысы, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А.Мужчиль сөз сөйледі.

Савелий Александрович заң клиникасы дегеніміз не, оның қалай жұмыс істейтіні, заң клиникалары қалай құрылғаны туралы айтты. Сондай-ақ, ҚАЕУ заң клиникасының жұмысы туралы айтылды.

ШҚО Әділет департаментіне белсенді ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы