Студенттер «Құрмет-қоғамның иесі» кездесуіне қатысты
2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламаларының студенттері «Community Centre» ғимаратында құқық қорғау органдарының өкілі Н.Т.Саяжанованың қатысуымен «Құрмет – қоғамның иесі» тақырыбында жастармен кездесуге қатысты.
Кездесу барысында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауды дамыту, сталкинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Студенттер арасында белсенді азаматтық ұстанымды нығайту тақырыбы да қозғалды.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, кибербуллингтің, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Педагогика және психология кафедрасы




