Студенттың республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

2022 жылғы 16 наурызда «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Сергей Евгеньевич Сергеев Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауында «Дене шынықтыру және спорт» бағыты бойынша II орынға ие болды.

Ғылыми жұмысының тақырыбы:
«Жоғары білікті ауыр атлеттерді жаттықтыру процесін жетілдірудің негізгі тәсілдері».

Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, КАСУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасының доценті Асмолова Л.А.

Байқауды Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы ұйымдастырды.

Сергейді және ғылыми жетекшісін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми және кәсіби жолда табыс тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасы