Тұрғын үй қалай сатылады: Birinshi Ui ТК сату бөлімінің басшысының тәжірибелік талдауы
«Белсенді сату технологиясы» пәні аясында профессор А.С. Мұқатайдың 2026 жылдың 10 ақпанында «Менеджмент» және «PR-маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін қонақ дәрісі өтті. Спикер – «Birinshi Ui» ТК құрылыс салушы компаниясының сату бөлімінің басшысы — Т.А. Коншпаева болды. Ол жылжымайтын мүлік саласындағы іс тәжірибесімен бөлісті, өзінің кәсіби қызметінен нақты кейстерді талдап, девелоперлік бизнесте сатудың тиімді жүйесі қалай құрылып жатқанын көрсетті. Ерекше назар аударылғандар:
– белсенді сату кезеңдері және қарсылықтармен жұмыс;
– клиентпен сенім қалыптастыру;
– тұрғын үй жылжымайтын мүлікті сату ерекшеліктері;
– жоғары нәтижелерге қол жеткізудегі менеджердің жеке брендінің рөлдері.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға, нарықтың заманауи үрдістерін талқылауға және бүгінгі таңда сату және маркетинг саласындағы мамандардың қандай құзыреттіліктері көбірек сұранысқа ие екенін білуге мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер теорияны тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік береді және болашақ мамандарға қазіргі нарық мамандарының құнды түсініктерін береді.
