«Тұран» Университетінің Жоғары құқық мектебінің директорымен кездесу

  2025 жылғы 31 желтоқсанда құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, ҚАЕУ заң клиникасының басшысы Мужчиль Савелий Александрович «Тұран» Университетінің (Алматы қ.) Жоғары құқық мектебінің директоры Қарлығаш Асылханқызы Жұмабаевамен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ҚАЕУ басшылығынан «Тұран» Университетінің Жоғары құқық мектебінің профессор-оқытушылар құрамына алғыс хаттар табысталды.

«Тұран» Университетіне нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

                                 Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы