Тұран-Астана Университетіндегі Дөңгелек үстел

2025 жылғы 4 желтоқсанда Тұран-Астана Университетінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Тұран-Астана Университетінің, Тұран Университетінің (Алматы қ.), Қазақстан-Американдық еркін университетінің, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында спикерлер адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін, құқықтық сауаттылықты арттыруды, сондай-ақ құқықтық саладағы заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлін талқылады.

ҚАЕУ «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ангелина Кузьмина «Қазіргі әлемдегі адам құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович болды.

Әріптестерімізге жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

 Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы