«Тұран-Астана» Университетіне  сапар

2026 жылдың 9 қаңтарында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң клиникасының басшысы  Мужчиль Савелий Александрович «Тұран-Астана» Университетіне барды.

Бұл күні университетте «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, «Тұран-Астана» Университетінің профессоры Әлиев Урак Жолмұрзаұлының 80 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс – шара аясында ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы мерейтой иесіне өзінің «Ректор-ЖОО ар-ожданы» және «Менің таңдауым» кітаптарын сыйға тартты.

Сонымен қатар, сапар барысында Савелий Александрович құқық және гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің деканы Нарбинова Миргуль Майданқызымен және «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі Барсукова Рита Анатольевнамен жұмыс кездесулерін өткізді. Келіссөздер барысында ҚАЕУ мен «Тұран-Астана» Университеті арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

«Тұран-Астана» Университетіне жылы қабылдауы және жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз!

                                 Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы