«Тұран» Университетіндегі қонақ дәрісі
2025 жылғы 3 қазанда ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Шарт шеңберінде «Тұран» Университетінің (Алматы қ.) «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне қонақ дәріс өткізді. Дәрістің тақырыбы – «Құқық және қазіргі заманның жаһандық мәселелері».
Дәріс қазіргі жағдайда құқықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Сондай-ақ студенттер үшін құқықтың түрлі салаларын білуге арналған викторина өткізілді.
«Тұран» Университетіне ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы



