«Тәлімгерлік мектеп ғылымын дамыту ресурсы ретінде» қонақ дәрісі

2025 жылғы 11 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» Халықаралық ғылыми конгресінің іс-шаралары аясында педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің үздіксіз білім беру институтының доценті Андрей Александрович Тёровтың дәрісі өтті.

Дәріскер оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және педагогикалық қолдау әдістеріне назар аудара отырып, білім беру ортасындағы тәлімгерліктің заманауи үлгілері мен тәжірибелеріне талдау жасады. Кездесу барысында тәлімгерлік бағдарламаларды іске асырудың нақты мысалдары, сондай-ақ оларды Қазақстанда енгізу  келешегі талқыланды.

Дәріс конгресс шеңберінде кәсіби тәжірибе алмасудың маңызды элементіне айналды, халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етті және тәлімгерліктің мектеп ғылымын дамытудың негізгі бағыты ретінде маңыздылығын атап өтті.