Тәртіп: өзіңнен баста
2025 жылғы 16 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің аға прокуроры Әсел Базарқанқызы Болгамбаева құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттерімен кездесті.
Кездесудің тақырыбы – «Тәртіп: өзіңнен баста». Іс-шара ынтымақтастық туралы жасалған шарт шеңберінде өтті.
Кездесу барысында Әсел Базарқанқызы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ алаяқтық, дропперлік және есірткі заттарының заңсыз айналымын қоса алғанда, құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелерін атап өтті.
Студенттерге құқықтық білім беруге ықпал ететін сындарлы ынтымақтастық пен мазмұнды сөз сөйлегені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы







