Тай Тун Лим ҚАЕУ-де дәрістер топтамасын оқыды

2025 жылғы 6-9 қазан аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде сингапурлық кәсіпкер және стратегиялық басқару жөніндегі халықаралық сарапшы Тай Тун Лиммен кездесулер мен дәрістер топтамасы өтті.

Университет қонағы – мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес секторлардың түйіскен жерінде 40 жылдан астам тәжірибесі бар басшы. Оның көшбасшылыққа деген көзқарасы бизнесте, қоғамда және мемлекеттік басқаруда бір уақытта тиімді әрекет ету қабілетін көздейтін «үш -секторлы атлет» тұжырымдамасына негізделген.

Сапар аясында Тай Тун Лим университеттің білім алушыларымен және оқытушыларымен кездесті. Дәрістер тұрақты дамудың заманауи стратегияларына, кросс-секторлық өзара іс-қимылға және инновациялық экожүйелерді құруға арналды.

Жауапты бизнесті қалыптастырудағы жастардың рөлі және Қазақстан экономикасына орнықты даму қағидаттарын интеграциялау  келешегі туралы пікірталастар ерекше қызығушылық тудырды.

Оқытушылар мен студенттер кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін және спикер көрсеткен халықаралық тәжірибенің шабыттандыратын үлгісін атап өтті.

Тай Тун Лимнің сапары ҚАЕУ-нің Азия мен Еуропадан келген серіктестермен академиялық және халықаралық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ университет білім алушылары арасында жаһандық көзқарасты дамытуға ықпал етті.